Алматыда вирус жұқтырғандар саны 900-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда вирус жұқтырғандар саны 900-ге жетті

27.04.2020

Алматыда соңғы тәулікте тағы 29 адамнан вирус табылды. Қазір мегаполисте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 876 жағдайы тіркелді.

Жұқпалы аурулар стационарларында 744 науқас емделіп жатыр. дәрігерлер 2 адамның жай-күйі аса ауыр, ал 29 науқастікін ауыр деп бағалауда. Тыныс алуы қиындаған екі науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Ал кеше 97 жастағы қарияның коронавирустан көз жұмғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда арнайы комиссия бұл жағдай коронавируспен байланысты емес деген тұжырымға келді. Ал қысқа мерзімде тұрғызылған модульді жұқпалы аурулар ауруханасы COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттерді қабылдай бастады. Қазір емдеу мекемесіне 43 науқас жатқызылды. Аурухана 280 адамға арналған.

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу