Фермерлердің өнімін форвардтық жүйемен сатып алуға 24,5 миллиард теңге жұмсалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фермерлердің өнімін форвардтық жүйемен сатып алуға 24,5 миллиард теңге жұмсалады

27.04.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 31 желтоқсанда тапсырған форвардтық сатып алу механизмі әлі іске қосылған жоқ. Төтенше жағдай кезінде тұралап қалған қожалықтар мемлекет бөлген қаржыны алып, қарызын орақтан соң қайтаруға тиіс болатын. Президент жүйені жылдам іске қосыуды тапсырған. Тек қарастырылған қаржы дихандарға жеткенше егіс науқаны аяқталып қалуы мүмкін. Жалпы биыл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржылай қолдау үшін қосымша 100 миллиард теңге қарастырылған. Оның 24,5 миллиард теңгесі осы алдын ала сатып алу жүйесімен үліестіріледі. Мәжіліс депутаты Берік Оспанов осылай деп мәселе көтеріп, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған.

Форвардтық жүйенің қашан жүзеге асырыла бастайтынын сұрап біз де жауапты органдарға жүгіндік. Азық-түлік келісім шарт корпорациясы тек келер аптада ақпарат бере алатындарын жеткізді. Ал әзірге елімізде бір де бір кәсіпкер форвардтық тәсілмен несие ала алмай отыр.

Оңғар АЛПЫСБАЙ


Хабарламаларға жазылу