Үкімет төрт бағыт бойынша жедел шаралар жасақтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет төрт бағыт бойынша жедел шаралар жасақтады

15.02.2016
Үкімет төрт бағыт бойынша жедел шаралар жасақтады
Бүгінгі Үкімет отырысында дағдарысқа қарсы қосымша шаралар кешені талқыланды.

1 триллион 450 миллиард теңге төрт бағыт бойынша дағдарысқа қарсы қосымша жедел шараларға бөлінеді. Бірінші ақша несие саясатының тиімділігін арттыру және қаржылық тұрақтылықты қолдау. Оның ішінде 350 миллиард теңге республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін жұмсалса, 500 миллиард теңге шетелдік валюталарға ауыстырып, сыртқы нарықта инвестициялауға жұмсалады. Екінші бағыт. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында экономиканы қолдау шаралары.

Үшінші үлкен бағыт шағын және орта бизнес пен экономиканың басым бағыттарын қолдау. Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорымен Ұлттық қордан бөлінетін қомақты қаржы ел экономикасының дамуына тың серпін бермек. Мәселен, құрылыс саласының өзінде жоспардағыдан үш есе көп баспана салынады. Бұл елдің ішкі жалпы өнімін 0,5 пайызға өсіріп, қосымша 70 мың жаңа жұмыс орын ашуға мүмкіндік береді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу