9 мамырға ақшалай төлемдер ардагерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне және басқа да бірқатар санаттарға қарастырылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлері 1 млн теңгеден алады. Қазіргі таңда елордада 44 ардагер бар. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлері, қайтыс болған ардагерлердің әйелдері, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген барлық адамдар да біржолғы ақшалай төлемдерді алады.
Атап айтқанда, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ІІ Дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 75 мың теңгеден (405 адам), жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдарға, оның ішінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, соғыс жылдарында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне – 32 500 теңгеден (3 529 адам) біржолғы ақшалай төлемдер қарастырылған.