2020 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2020 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болуы мүмкін

27.04.2020
2020 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болуы мүмкін

Ресейлік метеорологтардың болжамынша, биыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болуы мүмкін. 

«Температура ең жоғарғы рекордты көрсетпегенімен, ең ыстық жылдардың бестігіне кіреді», - деді Ресей Гидрометорталығының ғылыми жетекшісі Роман Вильфанд.

Бұған дейін АҚШ-тың Мұхит пен атмосфераны зерттеу бойынша ұлттық басқармасының (NOAA) мамандары да 2020 жылды тарихтағы ең ыстық кезең болатынын ескерткен еді. NOAA мәліметіне сүйенсек, тіпті 2020 жылдың алғашқы 3 айы адамзат тарихындағы ең ыстық айлардың бірі ретінде тіркелген.

«Климатологтар алдағы бес жыл өте ыстық болатынын, жыл сайын жаңа рекорд тіркелетінін болжап отыр. Жер бетіндегі орта температура да өсе береді. Бұл - жаһандық жылынудың бір көрінісі», - деді Вильфанд.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу