Қазақстандық дәрігер ТМД-дағы ең үздік жас ғалым атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық дәрігер ТМД-дағы ең үздік жас ғалым атанды

24.04.2020
Қазақстандық дәрігер ТМД-дағы ең үздік жас ғалым атанды

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының маммолог-дәрігері Назгүл Омарбаева ТМД-дағы ең үздік жас ғалым деп танылды.

Оның ғылыми зерттеуі ТМД және Еуразия елдерінің онкологтары мен радиологтарының XI съезі аясында өткен жас ғалымдар байқауында бірінші орынды иеленді.

Халықаралық жобаға Ресей, Өзбекстан, Қазақстан және Беларусь елдерінен 10 ғалым қатысқан. 

Назгүл Омарбаева – Маммология орталығының бірінші санатты дәрігері, Phd докторанты. И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университетін, тәмамдаған. Болашақ стипендиясының иегері. Н.Блохин атындағы Ресей онкологиялық ғылыми орталығының интернатурасын тәмамдаған.

Хабарламаларға жазылу