Төтенше жағдай кезінде мыңға жуық кәсіпкер субсидия алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдай кезінде мыңға жуық кәсіпкер субсидия алды

21.04.2020

Мыңға жуық кәсіпкер субсидия алып, миллионнан астам адамның несиесі кейінге шегерілді. Дағдарысқа қарсы тұруға арналған Үкімет жоспары қазір жан-жақты іске асып келеді.

Кәсіпкерлер салықтан босатылды. Шағын және орта бизнеске мұндай көмек қазанға дейін ірі бизнеске шілдеге дейін көрсетіледі. Қарапайым халық та көмектен кенде емес. Олардың ипотека мен несиесі 90 күнге дейін шегеріліп жатыр. Экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін оның маңызы зор.

Жұртты жұмыспен қамтуға да ерекше басымдық берілген. Ол үшін шағын және орта бизнесті дамыту керек. Сондықтан жол картасы бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіпті жаңғырту үшін 1 триллион теңге көлемінде субсидия үлестіріліп жатыр. Оны қайтару мерзімі 1 жыл. Жеңілдетілген несие 8 пайызбен беріледі. Осы ретте субсидия ел экономикасына маңызды бизнес иелеріне берілуі керек екенін айтады сарапшылар.

Қазірдің өзінде мыңға жуық өтініш түсіп, оның біразы мақұлданды. Сөйтіп 20 миллиард теңгеге жуық субсидия берілді. Бұл еліміздегі тұрақтылықты сақтап, құлдыраған экономиканы қалпына келтіруге сеп болады деген үміт бар.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу