Маңғыстау облысында полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істейді
Маңғыстау облысында да төтенше жағдай режимі аяқталып, блок-бекеттер алынды. Десе де, тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Өңірдегі тілшіміз Аягөз Оралбайқызы бізбен скайппен тікелей байланысқа шықты.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:Өңірде қазір жағдай тұрақты. Төтенше жағдай кезінде облыс аумағына 8 блокбекет қойылған еді. Оның 5-еуі Ақтау қаласына кіре-беріс жолдарға, қалған 3-еуі Жаңаөзеннің маңында болды. Облыста төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты, өткен түнде бөгеттер түгелдей алынып, әскери техникалар шығарылды. Енді, тұрғындардың жүріп-тұруына еш кедергі жоқ. Дегенмен қоғамдық тәртіпті сақтау үшін, полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Себебі, бүгіннен бастап «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталған.
Естеріңізге сала кетейін төтенше жағдай кезінде блокбекеттерде 114 полиция қызметкері мен 250-ден астам әскери қызметші тәулік бойы кезекшілікте тұрды. Олар 98 мыңнан астам адамның құжатын қарап, 63 мыңға жуық автокөлікті тексерген. Ал, коменданттық сағат кезінде заң бұзған 400-ден астам адам жауапқа тартылды.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасын еуропалық сарапшылар талқылауда
11.02.2026, 21:34
Қыс әлегі: Жамбыл облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды
11.02.2026, 20:18
Әлем жаңалықтарына шолу
11.02.2026, 20:17
Ипотека нарығына өзгеріс енгізіледі
11.02.2026, 20:16
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына 36,8 млрд теңге бөлінді
11.02.2026, 20:15
Қысқы Олимпиада ойындарының 5-күні
11.02.2026, 20:12
Автогаз қоймаларын жер астына орналастыру міндеттелуі мүмкін
11.02.2026, 20:12
Әскерден келгендер университетте тегін білім алып жүр
11.02.2026, 20:11