Әскери міндеттілерге құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери міндеттілерге құрмет көрсетілді

11.05.2020

Арнайы әскери міндеттілер ротасы Төтенше жағдай кезінде ерекше еңбегімен көзге түсті. Олардың атсалысуымен 6 миллион шаршы метрдей аумаққа және мыңға жуық нысанға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Президенттің Жарлығына сәйкес ерікті түрде әскер сапына қосылған азаматтар Отан алдындағы борышын адал атқарды. Ел басына күн туған сәтте қарап қалмай, қиындықты бірге жеңуге атсалысты. Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мерекеге орай жеке құраммен кездесіп, бірнеше азаматқа арнайы алғыс хаттар табыстады.  

Хабарламаларға жазылу