Пітір садақаны онлайн түрде беруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пітір садақаны онлайн түрде беруге болады

21.04.2020

Пітір садақаны онлайн түрде беруге болады.

Бұл туралы ҚМБД төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров айтты.

«Рамазан айында берілетін пітір садақа мен зекетті онлайн түрде беруге болады. ТЖ кезінде үйден шықпай садақа берудің осындай жолын таңдап отырмыз. Еліміздегі бірқатар банктің мобильді қосымшаларына әр облыс пен республикалық маңызы бар қалалардағы орталық мешіттің есепшоттары енгізілді. Әр азамат өз өңіріндегі мешіттің есепшотына пітір садақасы мен зекетін үйден шықпай онлайн режимде аудара алады», - деді ол.


Хабарламаларға жазылу