![Сотқа шағымды онлайн режимінде беруге болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_31236.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оның айтуынша, маусым айының 9-нан бастап сот хабарламалары SMS және электронды пошта арқылы жіберіледі. Бұл жүйе мемлекет қаржысы мен азаматтардың уақытын үнемдейді.
Мәселен, бір сот хабарламасына 350 теңге жұмсалса, SMS-хабарламаға орта есеппен 4 теңге шығын кетеді.
Айта кету керек, «Сот құжаттарымен танысу» сервисі логин, құпиясөз, ЖСН-ді енгізу арқылы электронды сот құжаттарын көруге арналған. Логин мен құпиясөзді сот процесіне қатысушы азамат өзінің ұялы телефонына немесе электронды поштасына келіп түскен электронды хабарлама арқылы біле алады.
Ләззат БЕКТАС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сотқа шағымды онлайн режимінде беруге болады &mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/32883/)