28 жастағы қазақстандық Оңтүстік Кореяда 10 адамды өрттен құтқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

28 жастағы қазақстандық Оңтүстік Кореяда 10 адамды өрттен құтқарды

20.04.2020

28 жастағы қазақстандық азамат Оңтүстік Кореяда 10 адамды өрттен құтқарып, бұқаралық ақпарат құралдарының басты кейіпкеріне айналды. Канвандо провинциясында заңсыз тұрып жатқан ол өрт шыққан кезде жатақханада болса керек. Жергілікті басылымдардың мәлімдеуінше, Әли есімді жігіт жағымсыз иіс шыға бастаған кезде құтқару қызметінің келуін күтпей, көршілерді өзі далаға шығара бастаған. Айқайлаған дауыстарды естіп, еш ойланбастан жалындаған пәтерге кіріп, 50 жастағы әйелді алып шыққан. Алайда, өрт сөндірушілер келген кезде, осы елде заңсыз жүргендіктен ол жасырынып қалады. Денесі зақымданған оны көршілер емхана әкелуге мәжбүр болыпты. Салдарынан, оның жергілікті билікке шындығын айтуға тура келеді. Енді ол мамырдың бірінде Оңтүстік Кореядан кетуге мәжбүр. Алайда, мұны естіген жергілікті тұрғандар бұл әділетсіз шешім екенін айтып, қарсылық танытып жатыр.  

Хабарламаларға жазылу