Коронавирусқа байланысты аймақтардағы ахуал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа байланысты аймақтардағы ахуал

20.04.2020

Кешеден бастап Түркістан облысы карантин режіміне көшті. Көрші аймақтармен шекарадағы санитарлық бақылау күшейтілді. Қалааралық, ауданаралық қатынас шектелді. Қоғамдық, демалыс орындары, саябақтар, базарлар жабылды. Тіпті ойын алаңдары, көпқабатты үйлердің аулаларына балалардың шығуына тыйым салынды. Жалпы облыста вирус жұқтырғандар саны 58- ге жетті. Оның 13 жазылып шықты.

Ал Маңғыстауда соңғы 4 тәулікте бірде бір науқас тіркелмеді. Бүгін бір адам ауруынан айығып шықты. Қалған оны ем алып жатыр. Ал ақтөбелік полицейлер бүгіннен бастап рейд өткізіп жатыр. Облыста бүгінге дейін 626 төтенше жағдай режимін бұзу дерегі тіркелген.

Ал Батыс Қазақстанда демалыс күндері індет жұқтырған 30 адам тіркелді. Оның барлығы Ресейден вахталық жұмыстан оралғандар.

Атырау облысынада Теңіз кен орнында індетке шалдыққандар саны 19-ға жетті. Ал бүгін тіркелген науқас компанияға қарасты мердігер мекемелердің бірінде еңбек еткен.

Шығыс Қазақстанда короновирустан 3 адам емделіп шықты. Сауығып кеткендердің қатарында өскемендік 82 жастағы кейуана мен ақсақал бар. Жалпы, облыста коронавирусты 8 адам жұқтырды. Бір азамат қайтыс болды.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу