Саясаттанушы Айдос Сарыммен онлайн сұхбат

19.04.2020

Осы аптада Халықаралық валюта қоры «Бұл пандемия әлемді өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы екі дүниежүзілік соғыстың ортасында болған Ұлы депрессиядан кейінгі терең экономикалық дағдарысқа түсіреді» деген байламын айтты.

ХВҚ былтыр күзде ғана 2020 жылы әлемдік экономика 3 пайызға өседі деген болжам жасаған еді. Ал енді өсім туралы әңгіме жоқ. Қордың бас экономисі Гита Гопинат: «Бұл дағдарыс бүкіл әлемді шарпиды, Ұлы депрессиядан кейін бірінші рет рецессия дамыған елдерде де, дамушы елдерде де болады», -деген. Ол дағдарыстың салдарлары туралы болжамды баяндаған. Болжамның атауы да бар – Ұлы карантин.

Бұл болжам жазға дейін әлемнің басым бөлігінде вирус таралуы кульминациясынан өтсе деген оптимистік сценариймен жазылған. Егер сөйтсе, екінші жарты жылдықта дамыған елдердің экономикасы 6 пайызға, дамушы елдердің экономикасы 1 пайызға түседі. Жалпы, салықтар күрт азаяды, себебі компаниялар банкротқа ұшырай бастайды. Экономикалық белсенділік қатты төмендейді. Демек, ахуалдың оңай болмайтынын айтсақ, жаңалық ашпаймыз.

Иә, алдағы өзгерістер туралы көп айтылып жатыр. Экономистер ғана емес, саясаттанушылар, сарапшылар да. Біз белгілі саясаттанушы Айдос Сарыммен сұхбаттастық.


Хабарламаларға жазылу