Айдос Сарым: Біз бүгін жаңа Қазақстанда ояндық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдос Сарым: Біз бүгін жаңа Қазақстанда ояндық

08.01.2022

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым Ұлттық арнаға сұхбат берді.

«Бұл – мемлекеттік төңкеріс әрекеті. Осыны анықтап, түсініп алуымыз керек. Қазір ойынның, күлкінің, әжуаның, әзілдің басқасының бәрінің уақыты өтті. Біз қазір бір ғана мәселеге тіреліп отырмыз. Ел болып, қаламыз ба, қалмаймыз ба?».

«Бүгінгі күні Қазақстанға 100 млрд теңгелік нұқсан келіп отыр. 100 млрд деген – 100 мектеп. Біз экономикамыздан 100 мектепті тартып алдық».

«Біз бүгін жаңа Қазақстанда ояндық. Біз бүгін жаңа Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз» ,-деді Айдос Сарым сұхбат барысында.


Хабарламаларға жазылу