Кейбір заңнамаларға өзгерістер енгізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кейбір заңнамаларға өзгерістер енгізілуі мүмкін

06.11.2019

Жуық арада кейбір заңнамаларға өзгерістер енгізілуі мүмкін. Ақордада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдаған президент бұл бағыттағы жұмысты пысықтауды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев саясаттанушы Айдос Сарыммен гуманитарлық ғылымның келешегі мен оған қазіргі саяси-қоғамдық ахуалдың қалай әсер етіп жатқанын талқылады. Ал «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсының» президенті Азаматхан Әміртаев Мемлекет басшысына шағын және орта бизнесті қолдау және экологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін инвестиция тарту туралы ұсынысын жеткізді. Сондай-ақ Президент «Қазақстан барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораевты да қабылдады. Кездесуде ішкі және сыртқы туризмнің мәселелерін шешу және қазақ күресін халықаралық аренада ұлттық бренд ретінде қалыптастыру жайы сөз болды.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу