Банк картасы мен шотты қашықтан қалай ашуға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банк картасы мен шотты қашықтан қалай ашуға болады?

16.04.2020
Банк картасы мен шотты қашықтан қалай ашуға болады?

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейдегі банктермен шоттар және банк карталарын ашу үшін қашықтан қызмет көрсету алгоритмін пысықтады.

Қашықтан есепшот ашу үшін:

1. Банктердің сайтына немесе мобильді қосымшасын жүктеп, тіркеліңіз;

2. Қашықтан сәйкестендіруден өту керек;

3. Ұсынылған деректерді толтырыңыз (ЖСН, телефон нөмірі, т.б);

4. Сұратқан жағдайда жеке куәлікті сканерлеп жіберіңіз;

5. Шоттың ашылғанын растау үшін SMS кодын енгізіңіз;

Бірнеше минут ішінде шот нөмірі бар SMS хабарлама келеді. Банк картасы 1-5 күн аралығында дайын болады.

Хабарламаларға жазылу