Елорда полицейлері балконда ән айтатындарға ескерту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда полицейлері балконда ән айтатындарға ескерту жасады

14.04.2020
Елорда полицейлері балконда ән айтатындарға ескерту жасады

Елорда полицейлері балконда ән айтатындарға ескерту жасады.

Полиция департаменті басшысы Ержан Сәденовтың айтуынша, карантин енгізілгелі қаланың түнгі тыныштығын бұзу әрекеттері жиілеген.

«Біз карантин кезінде үйде отыру қиын екенін түсінеміз. Сонда да сіздерден 23:00-ден кейін тыныштықты сақтауды сұраймын. Бұл ескертудің, әсіресе терезеден және балконнан ән айтуға қатысы бар. Тыныштықты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын қаперлеріңізге саламын», – деді ол брифингте.

Хабарламаларға жазылу