Қараөткел елді мекеніне блок бекеттер қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қараөткел елді мекеніне блок бекеттер қойылды

13.04.2020

Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Қараөткел елді мекенінің кіре берісіне блок бекет қойылды. Бүгін сағат түнгі 9-ға дейін ғана кіріп-шығуға рұқсат бар. Себебі, ауылдағы екі отбасынан короновирус белгісі анықталған. Және олар күн сайын Нұр-Сұлтан қаласына барып-келіп жүрген. Елді мекендегі 20 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігі үшін Ақмола облысының бас санитары карантин талабын күшейту туралы қаулы қабылдап отыр. 


Хабарламаларға жазылу