Елордада карантин аумағы қала сыртындағы елді мекендер шекарасына дейін кеңейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада карантин аумағы қала сыртындағы елді мекендер шекарасына дейін кеңейтілді

19.03.2020
Елордада карантин аумағы қала сыртындағы елді мекендер шекарасына дейін кеңейтілді

Елордада карантин аумағы қала сыртындағы елді мекендер шекарасына дейін кеңейтілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты.

«Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне орай Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты, сондай-ақ халықты барынша хабардар ету мақсатында қосымша шектеулер мен профилактикалық және антиэпидемиялық шаралар қабылдануда. ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қазіргі таңда үкімет тарапынан осы жұмыстарды атқарып жатыр. Тапсырмаға сәйкес 19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың таралу қаупіне байланысты карантин режімі енгізілді. Қала периметрі бойынша тұрғындардың қозғалысы мен көліктердің кіріп-шығуын шектеу үшін қала шеңберінде 6 блок бекет орнатылды, қосымша Ақмола облысына тағы 1 блок бекет орнатылды. Сонымен қала бойынша 7 блок бекет орнатылды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте.

Оның айтуынша, қала басшылығы Қараөткел, Талапкер, Қоянды, Қосшы, Жібек жолы, Шұбар ауыл тұрғындарының қозғалыс мәселесін реттейді.

«Cанитарлық-эпидемиялық талаптарға сай карантин аумағы қала сыртындағы елді мекендер шекарасына дейін кеңейтілді. Блок бекеттер осы ауылдардың сыртына орналастырылды», - дейді ол.

Хабарламаларға жазылу