Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирусқа тегін тест тапсыруға болады

13.04.2020
Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирусқа тегін тест тапсыруға болады

Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирусқа тегін тест тапсыруға болады. Бұл жөнінде мемлекеттік комиссияның жедел штабы хабарлады. 

Сынамадан өту үшін тұрғындар www.cdl.kz сайтында анкета толтыруы керек. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары анализ тапсыруы тиіс адамдарды эпидемиологиялық анықтама негізінде таңдайды. Тізімде бекітілген тұлғаға байланыс орталығының операторы хабарласып, қай жерге, қай уақытта келуі керектігін айтады. 

Сараптама жасалатын зертханаға мендетті түрде медициналық маска киіп, жеке куәлікті ала келу керек. Тексеріс қорытындысы анкетада көрсетілген поштаға жолданады.

Ескерту! Пациенттің температурасы байланыссыз өлшеу құралымен тексеріледі. Дене қызуы көтеріліп тұрған адамнан анализ алынбайды. Оператордың қоңырауынсыз, өздігімен процедуралық кабинетке келуге болмайды.


Хабарламаларға жазылу