Қазақстан үш мың еріктіге QazCovid-in отандық вакцинасын егуге кіріседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан үш мың еріктіге QazCovid-in отандық вакцинасын егуге кіріседі

20.12.2020
Қазақстан үш мың еріктіге QazCovid-in отандық вакцинасын егуге кіріседі

Бұл туралы Премьер-министрінің ресми ресурсы хабарлады. 

Премьер-Министр Асқар Мамин Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейский кентіндегі ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына (ҒЗИ) барды. Қазір ҒЗИ отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің I және II фазаларын аяқтаған.  « Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігін, иммуногенділігін және  96% тиімді екенін көрсетті» , - деп жазады Премьер-министрдің ресми сайты, 

Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігі үш мың еріктіге клиникалық зерттеулердің қорытынды III кезеңін бастауға рұқсат берген. Бүгінде алғашқы еріктілер Алматы және Тараз қалаларының клиникаларында, ҒЗИ-да отандық вакцинамен егілді. 2020 жылғы желтоқсан айының соңына дейін үш мың еріктіні вакцина алады.  III кезеңді өткізу үшін 10 мың доза вакцина шығарылатыны белгілі болды.

«2021 жылдың наурызынан бастап отанды вакцина жаппай егіле бастайды. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, сондай-ақ созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады», — деді Асқар Мамин. 


Хабарламаларға жазылу