Мұнай бағасы құбылып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы құбылып тұр

07.04.2020

АҚШ пен Еуропада коронавирус пандемиясы шарықтау шегіне жақындап қалды деген үміт әлем нарығына оптимизм сыйлады. Токиода 225 компания акцияларының орташа құнын көрсететін «Никкей» индексі бірден 2 пайызға көтерілді. Шамамен, осындай өсімді бүгін Сеул, Гонконг, Шанхай сауда алаңдары да көрсеткен. Ал Үндістанның басты индексі 8,1 пайызға жоғарылады.

«Брент» маркалы мұнай болса, 82 центке қымбаттап, бүгін 33, 87 долларға саудаланды.

Азия нарығына дейін «Уолл Стрит» пен Еуропа биржалары да өткен тәуліктегі акция саудасын өсіммен аяқтаған.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу