Мұнай бағасы құбылып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы құбылып тұр

22.10.2021

Қара алтын құны қайта арзандай бастады. Кеше 86 доллардан сатылған бренттің баррелі бір тәулікте 3 пайызға арзандады.

Мұнайға сұраныс артып жатса да, бағаның бұлайша құбылуына бірнеше себеп бар дейді сарапшылар. Алғашқысы - газ бен көмір құнының арзандауы. Сондай-ақ АҚШ-та биылғы қыс жылдағыдан жылы болады деген болжамдар да бағаға кері әсер еткен. Десе де трейдерлер мұны уақытша құбылыс деп отыр. Бұған дейін Америка банкі де 2022-нің бірінші тоқсанында мұнай баррелі 100 долларға жетеді деп болжаған еді.

Нарықтағы жағдай теңгеге де бірден әсер еткендей. Бүгін төл ақшамыз долларға шаққанда 427 теңгеге дейін арзандады. Ал еуро 496, 50 тиын. Рубль – 6 теңгеге теңесті.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу