Президент Премьер-Министрді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Премьер-Министрді қабылдады

09.08.2022

Халықтың кірісін арттыру қажет. Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа осындай тапсырма берді. Сондай-ақ, құрылымдық реформалар мен экономиканы демоноПолизациялауды жалғастырып, кәсіпкерлікке қолдау көрсету қажеттігін айтты. Биылғы 7 айда жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,2 пайызды көрсетті. Құрылыс, сауда, өңдеу өнеркәсібі, көлік және байланыс салаларында өсім бар. Құны 22,2 триллион теңге болатын инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Әлихан Смайылов Үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеу шаралары жайлы Президентке ақпарат берді. 

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу