51 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптылар коронавирустан бір күнде қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

51 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптылар коронавирустан бір күнде қайтыс болды

06.04.2020
51 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптылар коронавирустан бір күнде қайтыс болды

АҚШ-та 51 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптылар коронавирустан бір күнде қайтыс болды. Бұл туралы олардың баласы Бадди Бейкер Twitter-де мәлімдеді.

74 жастағы Стюарт Бейкер мен 72 жастағы Эдриан Бейкер 29 наурызда 6 минут айырмашылықпен көз жұмған.

Бадди Бейкердің айтуынша, оның ата-анасының денсаулығы жақсы болған. Алайда өткен айда Бейкерлерден пневмонияның жеңіл түрі анықталған. Артынша екеуінің жағдайы нашарлағаннан кейін ауруханаға барған. Әкесінде демікпе болғандықтан, ауруханада қалып, ал анасын үйге жіберген. 

Кейін Стюарт Бейкерден коронавирус анықталып, жағдайы тіптен нашарлайды. Балалары бұл туралы анасына айтпауды ұйғарады. Алайда 45 минуттан кейін дәрігерлер Бадди Бейкерге хабарласып, анасы ауыр халде жатқанын айтқан. 

Ерлі-зайыптылардың туыстары жасанды тыныс алдыру аппаратын өшіріп, табиғи жолмен көз жұмулары керек деген шешім қабылдап, дәрігерлерден 51 жыл бірге өмір сүрген жұбайлардың бір палатада жатуын сұраған. 

ria.ru

Хабарламаларға жазылу