Елімізде тағы 2 адам коронавирустан көз жұмды

01.06.2020

Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысында 2 науқас коронавирустан көз жұмды. Павлодарда бір айдың ішінде ерлі-зайыптылар осы кеселден айыға алмай бірінен соң бірі қайтыс болды. Маңғыстауда облыстық әкімдіктің қызметкерінен инфекция табылды. Әкімдікте карантиндік шаралар күшейтілді. Ал Атырауда тағы 69 адам вирус жұқтырған. Соған қарамастан өңірде карантин алынып тасталды. Сондай ақ, Алматы облысында шектеу доғарылды.

Шымкент қаласында осы дерттен жетінші науқас көз жұмды. 61 жастағы шаһар тұрғынын ауруханаға осыдан 10 күн бұрын ауыр хәлде әкелген.

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақтала қойған жоқ. Бірақ соған қарамастан бүгіннен бастап блок бекеттер алынып, шаһарға емін еркін кіріп шығуға мүмкіндік туды. 2 мың 95 кәсіпкерлік нысаны іске кірісті. 33 мың адам бірінеше айға созылған үзілістен соң жұмыстарын қайта бастады.

Ғани ҚАЛМАХАН


Хабарламаларға жазылу