Ақтөбеде карантин енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде карантин енгізіледі

06.04.2020
Ақтөбеде карантин енгізіледі

Ақтөбеде 6 сәуір сағат 21:00-ден бастап карантин енгізіледі.

Қалада барлық мекемелер жұмысы тоқтайды. Тізім әлеуметтік желіде, әкімдік сайтында жарияланады. Қоғамдық демалыс орындары, саябақтар, балалар алаңына баруға болмайды. 

Көліктің барлық түрі қаладан шықпайды, кірмейді. Қаулы кейбір азаматтардың жүріп-тұруына рұқсат береді. Тізімі арнайы жарияланады. 

Қоғамдық көлік қозғалысына кесте енгізіледі. Таңертең 7:00-9:00, түсте 12:00-14:00, кешке 17:00-21:00 аралығына бекітілді. 

Қала аумағында залалсыздандыру жұмысы күшейтіледі. Тек медицина қызметкері, полиция мен коммуналдық мекеме жұмысшыларына ешқандай шектеу жоқ. 

Азық-түлік, дәріханаға баруға болады. Азық-түлік дүкендері 10:00-20:00 аралығында жұмыс істейді. 

Қала аумағында жеке көлікпен жүруге тыйым салынады.


Хабарламаларға жазылу