Қостанай облысында карантин режимі енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында карантин режимі енгізіледі

16.04.2020
Қостанай облысында карантин режимі енгізіледі

Қостанай облысы аумағында 2020 жылғы 17 сәуірде сағат 00:00-ден бастап карантин режимі енгізіледі. Бұл туралы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Орал Бекмағамбетов айтты.

«Қостанай облысы аумағында 2020 жылғы 17 сәуірде сағат 00:00-ден бастап карантин режимі енгізіледі. Коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты аурудың алдын алу мақсатында Қостанай облысының бас медициналық санитарлық дәрігері облыс аумағына карантин енгізу туралы қаулы шығарды», - дейді Орал Бекмағамбетов онлайн брифингте.

Оның айтуынша, Қостанай облысын Мысырдан ауру жұқтырып келген үш адам қазіргі уақытта емделіп жатыр.

«Облыс бойынша коронавирустан 75 жастағы адам көз жұмды. Біздің департамент адамдарды коронавирустан қорғау үшін профилактикалық шараны қолға алып жатыр. Бүгінгі таңда облыс бойынша 2500-ден астам адам карантинде. Бүгінгі таңда ең алдымен коронавирусқа ұқсас белгілері бар адамдар тексерістен өтеді. Олар өкпе қабынуы бар, созылмалы дерттері бар және ауру жұқтырғандармен байланыста болған адамдар», - дейді ол.

Хабарламаларға жазылу