Елімізде бірқатар пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бірқатар пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтайды

30.06.2020

Елімізде бірқатар пойыздардың қозғалысы уақытша тоқтайды. Бұл туралы Жолаушылар тасымалы акционерлік қоғамы хабарлады. Бірінші шілдеге жоспарланған «Нұр-Сұлтан-Нұрлыжол-Атырау», «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Орал», «Алматы-2 –Нұр-Сұлтан- Нұрлы жол» бағытындағы коммерциялық пойыздар жүрмейді. Бұл пойыздарға билет алған жолаушылардың ақшасы толық қайтарылады. Немесе оны «Нұр-Сұлтан – Атырау», «Нұр-Сұлтан – Орал», «Нұр-Сұлтан – Алматы» секілді бірқатар бағыттарға ауыстыра алады. Толық мәлімет алу үшін жолаушылар 105 нөміріне хабарласуы керек.

Ақерке БИЯТОВА


Хабарламаларға жазылу