Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин 13-сәуірге дейін ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин 13-сәуірге дейін ұзартылды

03.04.2020

Нұр-Сұлтан мен Алматыда күшейтілген карантин тәртібі 13-сәуірге дейін ұзарды. Яғни түрлі мекеме ұйымдар тағы бір апта жұмыс істемейді. Бұл туралы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссияның отырысында айтылды. Үкімет басшысы ТЖ кезінде табысын жоғалтқандарға төленетін қаражат үшін есепшот ашу жұмыстарын ұйымдастыру керек екенін айтты. Жеке қорғаныш заттар өндірісін бақылау Индустрия министрлігі мен тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге қала тіршілігін қамтамасыз ету мен қауіпсіздіктің арнайы алгоритмін дайындау жүктелді. Қала әкімдеріне «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында бірқатар тапсырмалар жүктелді.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу