Өткен айда баспананы сату-сатып алу саны 45 пайызға артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен айда баспананы сату-сатып алу саны 45 пайызға артқан

11.04.2022

Ал жылжымайтын мүлік нарығы қымбатшылыққа қарамастан жандана түсті. Ұлттық статистика бюросының дерегінше наурызда 68 мыңға жуық баспана сатылған. Келісімшарт саны ақпанмен салыстырғанда 45 пайызға, ал былтырдың ақпанымен салыстырғанда 29 пайызға көп. Пәтер сатып алушылар әсіресе Қарағанды, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында белсенді. Нарықтың жандануына зейнетақы қорындағы жеткілікті шектің өсуі себеп. Сәуірге дейін үлгеріп қалғысы келгендер өткен айда сауданың көркін қыздырған. Бұған дейін сарапшылар бір айда баспана бағасының бес жарым пайызға қымбаттағанын айтқан еді. 

Хабарламаларға жазылу