Қызылорда облысында індет жұқтырғандар саны 72-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында індет жұқтырғандар саны 72-ге жетті

08.04.2020

Елімізде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан кейін індет ошағы өршіген аймақ Сыр өңірі болып тұр. Облыста коронавирус жұқтырғандар саны 72-ге жетті. Бір ғана Шиелі ауданында 35 жағдай тіркелген. Жылдам тараған қауіпті инфекцияны тоқтату әзірге қиынға соғуда. Осыған байланысты жергілікті эпидемиологтар дабыл қағып, карантин талаптарын күшейтті.

Ал аймақта эпидемияға қарсы шараларға жұмылдырылған медицина қызметкерлерінің жалақысына қосымша 151 миллион теңгеге жуық үстемақы бөлінді. Тағы бір жағымды жаңалық. Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезеңнен бастап, облыста қылмыстық деректер 43 пайызға төмендеген. Әсіресе, үй ұрлығы 60 пайызға дейін азайға.

Карантин режимі облыста 22 сәуірге дейін ұзартылды. Сондықтан, қалада қазір бей-берекет жүрген адам жоқтың қасы. Шет аймақтағы бірқатар мөлтек ауданның тұрғындары үшін қазір шаһар орталығына жету мұңға айналды. Көліктерді полиция қызметкерлері қатаң тексеріспен ғана жіберіп жатыр. Ал балалар мен 55 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға мүлдем тыйым салынды.

Әделбек СЕРІКҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу