Экономикада  4 пайыз өсім бар

13.03.2018

Жыл басынан бергі жағдай бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында төрт пайыздық өсім бар. Бүгін қаңтар-ақпан айларын қорытындылаған Үкімет осындай есепті жариялады. Мысалы, былтыр осы екі айдағы өсім екі жарым пайызды көрсеткен. Негізгі қарқын құрылыс, өндіріс, инвестиция және өңдеу өнеркәсібінде байқалады. Сонымен қатар, күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасы өскен. Ұлттық экономика министрлігі азық-түліктің шекті бағасын бекіткенімен, кей тауарлардың бағасы одан асып кетуде. Алдағы мереке күндері аймақ басшыларына бағаның шарықтап кетпеуі тапсырылды. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бойынша ең жоғары өсу Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе облысында байқалады. Астанада картоп, Алматыда қырыққабат, Қарағанды қаласында сәбіз бағасы айтарлықтай өсті.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ   

Хабарламаларға жазылу