«Қазақы терминдерді халық жасайды» атты онлайн байқау өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақы терминдерді халық жасайды» атты онлайн байқау өтеді

30.03.2020
«Қазақы терминдерді халық жасайды» атты онлайн байқау өтеді

Биыл 1-18 сәуір аралығында онлайн режимде «Қазақы терминдерді халық жасайды» атты республикалық байқау өтеді. 

Аталған шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырып отыр. 

«Байқаудың мақсаты – ұлттық терминжасамның өзекті мәселесін тиімді жолмен шешу, сәтті термин ұсынушы тіл жанашырларын анықтау және қолдау», - делінген баспасөз хабарламасында. 

Республикалық байқау үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру парағын» 1-5 сәуір аралығында termincom2020@gmail.com электронды адресіне жолдайды. Сондай-ақ байқауға қатысушылар tеrmincом.kz сайтындағы электронды алаңға тіркеліп, 5-10 терминге балама ұсынуы шарт. 

Екінші кезең 7-12 сәуір аралығында өтеді. Мұнда бірінші кезеңнен өткен байқау қатысушыларына тұрмыста жиі қолданылатын 10 шеттілдік терминнің қазақ тіліндегі сәтті аудармасын жасау тапсырылады. Тапсырма 7 сәуір күні tеrmincом.kz сайтына жарияланады. Бұл ретте бағалау көпшілік дауысы арқылы және қазылар алқасының пікірімен шешіледі. 

Үшінші кезең 13-18 сәуір аралығында өтеді. Соңғы айналымға екінші кезеңнен іріктелген азаматтар қатысады. Олар белгіленген уақыт аралығында мәтін ішіндегі салалық терминдердің қазақы баламасын жасауы тиіс. 

«Байқауға 18 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Байқау қорытындысы 20 сәуірде tilalemi.kz сайтында жарияланады. Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес электрондық үлгідегі диплом, Алғысхатпен марапатталады», - делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу