Бауыржан Қарағызұлы: «Рух» әдеби байқауының жеңімпаздарына берілетін мүмкіндік мол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Қарағызұлы: «Рух» әдеби байқауының жеңімпаздарына берілетін мүмкіндік мол

04.12.2017

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қазақтың ақындық өнерін әлемге кеңінен насихаттау мақсатында ақын-жазушылар арасында тұңғыш рет халықаралық «Рух» байқауы өтеді. Студия қонағы -ақын, «Әдебиет порталының» жетекшісі Бауыржан Қарағызұлы байқау шарттары мен ерекшеліктері туралы сөз қозғады.

«Байқау «Әдебиет порталында» онлайн түрде өтіп жатыр. Бұл – еліміздегі осындай ауқымдағы алғашқы онлайн-байқау. Әдеби сайыстың жүлде қоры - 24 миллион. 8 аталым бойынша өтеді. Қазіргі таңда тіркелгендердің саны 700-ден асты. Оған тек Қазақстан емес, шетел жазушылары да қатысуда.

Байқау барысында 16 жеңімпаз анықталады. Оның 8-і сегіз жанр бойынша Грин-при иегері атанады. Басты назарға алынғаны - балаларға арналған өлеңдер. Осы шараның нәтижесінде үлкен қор жинап отырмыз. Алға қойған мақсат - жеңімпаздардың кітаптарын басып шығару. Сондай-ақ, ол авторға қаламақы төленеді. Демек, байқаудағы жеңіспен қатар, қаламақысын алады. Жазушы үшін бұл - үлкен мүмкіндік», - дейді ақын.

Хабарламаларға жазылу