Еліміз бойынша вирус жұқтырғандар саны 336-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша вирус жұқтырғандар саны 336-ға жетті

31.03.2020

Бір тәулік ішінде елімізде тағы 34 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Дәл қазіргі таңда ел бойынша науқастар саны 336-ға жетіп отыр. 22 адам аурудан жазылып, үйлеріне қайтарылды. Өкінішке қарай екі адам қайтыс болды.

Бұл індет еліміздің 15 аймағына тарап үлгерген. Басым көпшілігі Нұр-Cұлтан қаласында. Елордада науқастар саны 176-ға жетіп отыр. Алматыда ауруға шалдыққан 82 адам тіркелді

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу