Елордада тегін маскалар мен азық-түлік таратыла бастады

26.03.2020

Кемедегінің жаны бір! «Біз біргеміз!» қозғалысының аясында Нұр-Сұлтанда волонтерлер тегін маска таратып жатыр, ал Nur Otan партиясы бастамасымен волонтерлар мұқтаж отбасыларға азық-түлік қоржынын үлестіріп жүр. Елордалық емханалар болса, қариялардың үйлеріне дәрі-дәрімектер мен тегін маска жеткізуде.

Елорда бойынша қолға алынған қайырымдылық шаралары мен акцияларға 200-ден астам волонтер тартылған. Қала тұрғындары мен әр саланың қызметкерлері тағы бар.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу