Елордада көмекке мұқтаж жандарға тегін азық-түлік таратылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада көмекке мұқтаж жандарға тегін азық-түлік таратылып жатыр

20.04.2020

Елордада көп балалы отбасылар мен аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін азық-түлік таратылып жатыр. Жалпы, қазіргі таңда бұл көмекті алу үшін 30 мың астаналық өтініш берген. Бұл тек «ай көмек» жедел желісі арқылы тіркелген өтініштер. Бүгін «Біз біргеміз» акциясы аясында тағы 300 жанұяға көмек көрсетілді.

Бұл акция 19 наурыздан бері жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін 9 мыңнан аса астаналық отбасыға көмек берілді. Сәуірдің аяғына дейін тағы 6 мың отбасыға қолдау жасалмақ.

Бұл игілікке волонтерлердің қосып жатқан үлесі зор. Нұр-Сұлтанда 500 ерікті осы іске білек сыбана кіріскен. Олардың денсаулығы да басты назарда. Қорғаныш құралдарымен қамтылған. Әр 10 күн сайын вирусқа тест тапсырады. Қазіргі таңда волонтердің ешқайсысынан қауіпті дерт анықталған жоқ.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу