Алматыда маскалар мен азық-түлік бағасына қатысты мәлімет беретін жедел желі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда маскалар мен азық-түлік бағасына қатысты мәлімет беретін жедел желі ашылды

19.03.2020
Алматыда маскалар мен азық-түлік бағасына қатысты мәлімет беретін жедел желі ашылды

Алматылықтар азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық маска бағасы қымбаттаған жағдайда жедел желі арқылы шағымдана алады.

Байланыс телефондары:

8 7272 716 719, 8 778 909 33 33 (қалаға тауар және шикізат жеткізу мәселесі бойынша)

8 702 999 72 09 (маскалардың дәріханаларға жеткізілуі және бағаның негізсіз көтерілуі бойынша)

8 701 784 22 54 (азық-түлік бағасының қымбаттауы бойынша).

Масканы қайдан сатып алуға болады?

Маска бойынша қалада 48 ірі дәріхана желісі анықталды. Үш қабатты маскалардың бағасы 87 теңгені құрайды. Ал көмір фильтрі бар маскалар 111 теңгеден сатылады.

Хабарламаларға жазылу