G20 саммиті алғаш рет видеоконференция форматында өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

G20 саммиті алғаш рет видеоконференция форматында өтеді

26.03.2020
G20 саммиті алғаш рет видеоконференция форматында өтеді

Коронавирустың таралуына байланысты «Үлкен жиырмалықтың» жиыны алғаш рет видеоконференция форматында өтеді.

Саммитте коронавирус пандемиясымен күресу жолы, жаһандық экономиканы көтеру мәселелері талқыланады.

Жиынға G20 елдері лидерлерінен басқа, Испания мен Иордания басшылары, Сингапур мен Швейцария президенттері, БҰҰ Бас хатшысы және денсаулық сақтау, қаржы, экономика және әлеуметтік саладағы халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Сауд Арабиясы «Үлкен жиырмалықтың» саммитіне төрағалық етеді.


Хабарламаларға жазылу