Түркия полициясы «Ислам мемлекетімен» байланысы бар деген күдікпен 20 адамды ұстады

06.11.2015
Түркия полициясы «Ислам мемлекетімен» байланысы бар деген күдікпен 20 адамды ұстады

Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Полицияның баспасөз қызметі Анталиядағы операцияның Түркия көлемінде исламистерге қарсы жүргзіліп жатқан науқанның ең бір ірі әрі сәтті операцияларының бірі болды деп есептейді.

Түркияда 15-16 қараша аралығында, G20 саммиті өтеді.

Осыған қарай бүкіл әлемнің назары осы елге ауған. Аталмыш жиында энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселесі сөз болады.

Саммит аясында Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған мен Ресей басшысы Владимир Путиннің кездесуі жоспарланған. Олар Сириядағы жағдай мен екіжақты қарым-қатынас мәселелерін сөз етпек.   

 

Хабарламаларға жазылу