Ұлттық арна үйден шықпай, онлайн кастингте бақ сынауға шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна үйден шықпай, онлайн кастингте бақ сынауға шақырады

25.03.2020
Ұлттық арна үйден шықпай, онлайн кастингте бақ сынауға шақырады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы алдағы жазда Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романының желісі бойынша телехикая түсіреді.

Ұлттық арна ешқашан өзектілігін жоймайтын, адам баласына тән мөлдір сезімді өзек еткен шығарманы кино тілінде сөйлетуді мақсат етіп отыр. Телехикая оқиғасы майданнан аман оралған ардагер жазушының бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігінен бастау алады. Бас кейіпкер Ербол образы арқылы қазақ жауынгерлерінің ерлігі мен шынайы махаббат сезімі баяндалатын болады.  

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты 20 бөлімнен тұратын көркем фильмге актерлерді таңдау онлайн кастинг арқылы жүргізіледі. Кастинг маусым айына дейін жалғасады.  

Телехикая кейіпкерлері 5 пен 70 жас аралығын қамтиды.  

Кастингке қатысу туралы өтініштер www.cinexus.kz сайты арқылы қабылданады.  Толық ақпарат : +7707 666 92 17; +7702 047 35 21.

Хабарламаларға жазылу