Биылдан бастап талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылдан бастап талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

04.05.2022

Биылдан бастап талапкерлерге Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыруға мүмкіндік бар. 16 мамырдан басталатын тест 5 шілдеге дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында грант ұтып алуға ниеттенген үміткерлер, оқуға түсу үшін жауап берілген сұрақтарға қайта оралып, оларды түзетуге мүмкіндік болады. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінің өкілдері брифинг барысында айтты.

Әділет Тойбаев, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіның директоры:

Биыл бізде екі рет Ұлттық бірыңғай тестілеуге мүмкіндік берілді. Бірақ осы екі ретте әрбір талапкер пәндерді ауыстыруға болмайды. Демек, егер бірінші мүмкіндігінде ол физика, математика тапсыратын болса, демек екінші мүмкіндігі де тура осы физика, математиканы тапсыруға міндетті. Осы пәндерді ауыстыруға болмайды.

Сондай-ақ, тестілеуге мейлінше даяр болуға талапкерлерге тегін онлайн сынамадан өтуге болады. Бұл, әсіресе, ауылдық жерлердегі балаларға жақсы мүмкіндік. Себебі, үйден шықпай-ақ, өзінің жеке сәйкестендіру нөмерін енгізу арқылы платформаға өтіп, тестке қаншалықты дайын екенін көреді. Онлайн сынақтардың іске қосылғанына, үш-ақ апта ғана болды. Бірақ мамандар оған қызығушылығы артатын үміткерлердің қатары көп.


Хабарламаларға жазылу