Иоаннис Аманатидис: Астана процесі-араздасқан елдерді елдестіріп, мәселенің түйінін тарқатуға зор ықпал етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иоаннис Аманатидис: Астана процесі-араздасқан елдерді елдестіріп, мәселенің түйінін тарқатуға зор ықпал етеді

27.10.2017

Грек үкіметі Қазақстанның Сирия дағдарысы бойынша бейбіт келіссөздер жүргізуге арағайындық етуін жоғары бағалайды. Астана процесі - араздасқан елдерді елдестіріп, мәселенің түйінін тарқатуға зор ықпал етеді, -деді Грекияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Иоаннис Аманатидис арнамызға берген сұхбатында.

Жалпы, Грекия Қазақстанның барлық жаһандық бастамаларын қолдайды. Қазақстанның БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болуын Эллада мемлекеті алғашқылардың бірі болып қолдады. 2025-2026 жылдары осы қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болудан үмітті Грекия қазақ елінің тың тәжіриебесін игеруге ниетті. 

Иоаннис Аманатидис, Грекия Сыртқы істер министрінің орынбасары:

 - Сириядағы соғысты тоқтатып, елдерінен шартарапқа безіп кеткен босқындарды Отанына қайтару керек. Осы қантөгісті тоқтатып, саяси дағдарыстың бейбіт түрде шешілуіне Қазақстанның қосып жатқан үлесі орасан. Бейтарап алаң ұсынып, қос тарапты бір үстелдің басына жинаудың өзі ерлікке пара-пар. Сондықтан, біз Қазақстанның әрі қарай да арағайындық етіп, мәселенің шешілуіне белсене қатысқанын қалаймыз. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу