Карантин талаптарын бұзғандар жазаланады

23.03.2020

Карантинге жатудан бас тартқан Көкшетау тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 71 жасар ер азамат 19 наурызда Минскіден Нұр-Сұлтанға ұшып келген. Ол міндетті оқшаулауға жатпай, Көкшетауға кетіп қалған. Үйіне барған жергілікті дәрігерлерге есік ашпайды. Сондықтан медицина мамандары тәртіп сақшыларына жүгінген. Полицейлер қарияның үйіне есігін бұзып кіріп, оны мәжбүрлі түрде каратинге жатқызды.

Төтенше жағдай режимін бұзған 218 адам ұсталды. 10 адам қамауға алынып, 91-іне айыппұл салынды. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша жалған ақпарат таратқандарға қатысты 26 қылмыстық іс қозғалған. Мұндай қылмыс үшін айыппұлдан бастап, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы заңда қарастырылған.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу