ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады

20.03.2020

«Коронавирустың таралуына байланысты Мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар қазіргі ахуалға сай дер кезінде қолға алынды. Осынау сын сағатта ортақ істен ешкім де сырт қалмауы тиіс. Мен бұл қиын кезеңде ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын Республикалық қор құруды ұсынамын. Ондай қорларды әрбір облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалаларда құру қажет. Жұмысты тиісінше сол жерлердің әкімдері жүзеге асырғаны дұрыс. Отандық бизнес өкілдерін жалдамалы қызметкерлерді жұмыстан шығармауға шақырамын. Қазіргі уақытта ең әуелі аса мұқтаж жандарға көмек көрсету керек. Менің тапсырмаммен «Nur Otan» партиясының жобалары аясында 150 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражат карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға атаулы көмек көрсетуге жұмсалады. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін менің шешіммен Тұңғыш Президент Қоры есебінен тағы 200 миллион теңге бөлінді. Қазақстан бұл қиындықты да еңсеріп, дамудың жаңа кезеңіне аяқ басады деп нық сенемін. Біз біргеміз!»,-делінген Елбасының үндеуінде. 

Хабарламаларға жазылу