Тауар бағасын негізсіз өсіргендерге қатысты екі мыңнан аса шағым түсті – агенттік өкілдері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тауар бағасын негізсіз өсіргендерге қатысты екі мыңнан аса шағым түсті – агенттік өкілдері

10.01.2022

Тауар бағасын негізсіз көтергендерге қатысты тұрғындардан 2 мыңнан аса шағым түсті. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі өкілдерінің хабарлауынша, оның 70 пайызы Алматы қаласына тиесілі. Өтініштің көбі азық-түлік бағасына қатысты. Ірі сауда желілері мен супермаркетте әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерінің, газ, бензин, дизель отынының құнын өсіргендер туралы экранда көрсетілген номерлер арқылы хабарлай аласыз. Барлық өңірде «жедел желі» іске қосылған.

Ақмарал Жылысбаева, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің бас сарапшысы:

Осы жедел желі тәулік бойы жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Агенттік өз кезегінде заңнама нормаларын бұзған нарық субъектілеріне қатысты тиісті ден қою шараларын фактілер анықталған жағдайда қабылдайды.


Хабарламаларға жазылу