22 наурыз сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыға қатынайдын жолаушылар және қала маңы пойыздары жүрмейді. Екі қаланың теміржол станциялары арқылы транзитпен өтетін пойыздар жолаушыларды түсірмей және мінгізбей өтеді.
Сондай-ақ 22 наурыз сағат 00:00-ден жүк және халықаралық әуе рейстерінен басқа Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларына келетін және шығатын жолаушылар әуе рейстері тоқтатылады.
Атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы, Балқаш, Талдықорған, Петропавл, Тараз, Шымкент, Жезқазған, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Семей, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және тағы басқа қалаларға 16 ішкі бағыт бойынша аптасына 320 тұрақты рейс тоқтайды.
Ал Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан, Балқаш, Көкшетау, Петропавл, Тараз, Шымкент, Жезқазған, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Семей, Үржар, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және тағы өзге қалаларға 18 бағыт бойынша аптасына 295 тұрақты рейс тоқтатылады.
Бұл турады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.