Әскерилер вируспен күресуге көмектесіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилер вируспен күресуге көмектесіп жатыр

18.03.2020

Әлемде өршіп тұрған пандемиямен күресте барлық күштердің көмегі қажет. Бұл майданда дәрігерлермен қатар, әскердің де атқаратын рөлі зор. Себебі, індетпен күресу барлығымыздан қатаң тәртіпті сақтауды талап етеді. Ал, сол тәртіпті қадағалау әскери қызметшілердің еншісінде. Армияның вируспен күрестегі маңызы туралы келесі сюжетте.

Қытай қатаң шаралар қабылдаудың арқасында, пандемия қарқынын бәсеңдетті. Бұл майданға ел билігі барлық күштерді жұмылдырған. Солардың бірі – әскери қызметшілер. Ел басына күн туғанда олар да қарап қалмай, бірлесе атсалысуда. Ауруханалар бақылауға алынып, вирустың әрі қарай таралмауы үшін бар жағдай жасалып жатыр.

Испания әскері де халық үшін басын қатерге тігуге дайын екенін көрсетті. Әскери қызметкерлер күнде қоғамдық орындарды дезинфекциялауда. Сондай-ақ, тұрғындардың карантин режимін сақтауын қадағалайды.

Пандемия қарқыны бәсеңдеген елдердің бірі - Оңтүстік Корея. Ел билігі вируспен күрес майданында армия күштерінің ерен еңбегін жоғары бағалап отыр. Елде күн сайын мың жарымдай әскери қызметкер дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп, дәрігерлерге көмектесуде.

Бүгін Филиппиннің ірі аралы – Лусонда карантин жарияланды. Сондықтан, қауіпсіздікті қамтамасыз ету әскери күштерге жүктеліп отыр. Себебі, төтенше жағдай – төтенше шараларды талап етеді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу